Тіркелу

Компания жаңалықтары.

Компания сайтының жаңаруы — жаңа бірегей өнімдер мен сервистер
Дүйсенбі, 12 шілде 2021

UBK Markets компаниясы ұсынылатын өнімдер мен қызметтерді жақсарту және кеңейту жөнінде жұмысын жалғастыруда, бұл Клиенттерді аса жоғары сапалы сервистермен қамтамасыз ету жолындағы біздің ұмтылысымыздан туындап отыр. Таяудағы уақытта жаңа бірегей өнім – халықаралық эксклюзивті банк картасын іске қосу жоспарланып отыр, ол біздің Клиенттерімізге өздерінің қаржылық қызметін бұдан да тиімді жүргізуге және тұрақты пайда табуға көмектеседі.

UBK Markets компаниясының халықаралық эксклюзивтік мультивалюталық банк онлайн-картасы әлемнің кез келген нүктесіне ақша сомасы бойынша шектеусіз төлемдер мен аударымдар жасауға мүмкіндік береді. Заманауи Bit Space ұтқыр қосымшасының көмегімен карта иесі өз қаражатын тәулігіне 24 сағат аптасына 7 күн бойы басқара алады.

Эксклюзивтік банк картасының иелері қол жеткізетін өзекті мүмкіндіктер мен негізгі артықшылықтар туралы толығырақ ақпараттты Сіз Халықаралық эксклюзивтік банк картасы бетіндегі материалдардан ала аласыздар.

Бұдан басқа, UBK Markets компаниясы талдау бөлімінің мамандары алдағы онжылдық инвестициялары үшін неғұрлым перспективалы бағыттарды айқындау және Клиенттерге өз ұсынымдарын беру мақсатында зерттеулер жүргізді. Бұл зерттеулердің нәтижелері сайттың тиісті бетінде «Болашақ онжылдықтың инвестициялары үшін басым бағыттар» атты мақалада жарияланған. Біз берілген ұсынымдардың біздің Клиенттерге табысты инвестициялық стратегия қалыптастыруына және жаңа инвестициялық бағыттардың ашылатын перспективаларын барынша тиімді пайдалануына мүмкіндік береді деп сенеміз.

Таяудағы уақытта UBK Markets сервисінің функционалы әлемдік қор нарығы мен блокчейн-индустриясының ең перспективалы инвестицициялық құралдары кіретін жаңа төлем жүйелері және дайын портфельдік шешімдер есебінен анағұрлым кеңейтілетін болады.

24.12.2020 ж. – 04.01.2021 ж. кезеңге арналған сауда кестесі
Сәрсенбі, 23 желтоқсан 2020

Жаңа жыл және Рождество мерекелеріне байланысты 2020 жылдың 20 желтоқсанынан 2021 жылдың 4 қаңтарына дейінгі кезеңде қаржы рыногі келесі сауда кестесіне сәйкес жұмыс істейтін болады:

24 желтоқсанда — 17:00-де UTC бойынша iPA-Басқарушылардың бағдары жабық болады, ал 19:00-де UTC бойынша рынок жабылады;

25 желтоқсанда — рынок жабық;

28 желтоқсанда — UTC бойынша 00:00-де рыноктың ашылуы;

31 желтоқсанда — 17:00-де UTC бойынша iPA-Басқарушылардың бағдары жабық болады, ал 19:00-де UTC бойынша рынок жабылады;

1 қаңтарда — рынок жабық;

4 қаңтарда — UTC бойынша 00:00-де рыноктың ашылуы.

Рыноктың аз өтімділігі мен жоғары өзгергіштігіне байланысты қазіргі кезеңде сауда жағдайының өзгеруі, спредтердің және ордерлерді, сондай-ақ маржалық талаптарды өңдеу уақытының ұлғаюы мүмкін екендігіне сіздің назарыңызды баса аударамыз.

31.12.2019 ж. - 02.01.2020 ж. аралығындағы кезеңнің сауда кестесі
Бейсенбі, 26 желтоқсан 2019

31 желтоқсан – 2 қаңтар 2020 жыл аралығында Жаңа жыл мерекесіне байланысты қаржы нарығы келесі сауда кестесіне сәйкес жұмыс істейтін болады:

31 желтоқсан — UTC бойынша 19:00 нарықтың жабылуы;

1 қаңтар — нарық жабық;

2 қаңтар — UTC бойынша 04:00 нарықтың ашылуы.

Нарықтың аз өтімділігіне және жоғары құбылмалылығына байланысты, осы уақыт аралығында сауда шарттары, спредтері ұлғайту және ордерлерді өңдеу уақыты, сонымен қатар маржиналдық талаптардың өзгеруі мүмкін екеніне назар аударамыз.

24.12.2019 ж. - 26.12.2019 ж. аралығындағы кезеңнің сауда кестесі
Жұма, 20 желтоқсан 2019

24-26 желтоқсан аралығында Рождество мерекелеріне байланысты қаржы нарығы келесі сауда кестесіне сәйкес жұмыс істейтін болады:

24 желтоқсан — UTC бойынша 19:00 нарықтың жабылуы;

25 желтоқсан — нарық жабық;

26 желтоқсан — UTC бойынша 04:00 нарықтың ашылуы.

Нарықтың аз өтімділігіне және жоғары құбылмалылығына байланысты, осы уақыт аралығында сауда шарттары, спредтері ұлғайту және ордерлерді өңдеу уақыты, сонымен қатар маржиналдық талаптардың өзгеруі мүмкін екеніне назар аударамыз.

Сауда сигналдары талдауының сапасын іРА-Технология алгоритмдерімен жоғарлату
Дүйсенбі, 9 қыркүйек 2019

Құрметті Компания Клиенттері!

Сіздерге Компания мамандары соңғы 18 ай бойы жоспарланған «Қоржындар Менеджері» сервистің атқарымдығын жақсарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізгендері туралы хабарлаймыз. Біз іРА-Технологияны зияттық өңдеу алгоритмдерін оңтайландыру бөлігінде алған тұрақты нәтижелеріміз Processed шоттарына таратылатын іРА-Басқарушылардың сауда сигналдарын талдау сапасының жоғарлауын қамтамасыз етті.

Осылайша, енді iPA-Басқарушылардың Processed шоттарында пайдалылығы 15%-дан астам жоғарлады, басқаша айтқанда, шоттардың осы түрлерінде пайдалы сауда сигналдары көбейді. Тиісінше, Processed шотынан сауда сигналдарды көшірген кезде iPA-Инвесторларға пайда түсудің ықтималдығы айтарлықтай жоғарлады.

Бұдан басқа, сауда сигналдары өңделуге арнайы алгоритмдермен түсетін iPA-Басқарушылар Processed шоттарындағы нәтижелердің жоғарлауының арқасында, олар іРА-Технология бойынша сауда жасаудың ұсыныстарын сақтаған жағдайда, неғұрлым көп сыйақы алу мүмкін.

Компания іРА-Технологиялар алгоритмдердің жұмысын жаңғыртуға және жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмысын жалғастыруда, және де келешекте осы саладағы жаңа әзірленімдерді ұсынады, сонымен қатар біздің Клиенттерімізге табыс алуда және олар қаржылық тұрақтылыққа жетулерінде қолдау көрсету үшін жоспарлы жаңғыртылуарды жүргізетін болады.